Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Жамбылдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз жүрудің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күн сайын профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары жастардың көп шоғырланатын және ойын-сауық орындарын тексереді, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне барады.Қазіргі таңда полиция бөлімшелерінде 341 жасөспірім және 336 тұрмысы нашар отбасы, 60 ата-аналық құқығынан айырылған немесе шектелген ата-ана есепте тұрады.