Облыста медицина мамандарының тапшылығы мәселесі шешілуде. Оған әлбетте ақхалаттыларды даярлайтын білім ордаларының қосқан үлесі зор. Мәселен, Тараздағы Жамбыл жоғарғы медициналық колледжін тәмәмдаған студенттердің 80 пайызы бірден жұмысқа орналасады.

Кеше ғана дәрігер атанған жас мамандардың өз жұмыс орнын бірден табуына білім мекемесі тікелей бақылауға алатын көрінеді. Бүгінде аталған колледж студенттерінің тек теория жүзінде ғана емес практикалық білім алуына ден қойылған.