Облыс бойынша күздік жиын-терін аяқталып келеді. Шу ауданы бойынша биыл 134 мың гектар жер игерілсе, 46 мың 450 гектар жерге егілген масақты дәнді-дақылдардан 47346 тонна астық жиналды. Орташа түсім 10 центнерден айналды. Ауа-райының қолайсыздығынан 6 мың гектар жердің егіні шықпай қалса, орташа түсім де жылдағыға қарағанда төмен болған.

Әйтсе де замнуи үлгідегі технологияларды қолданып, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін қолданғандар айтарлықтай өнім алды.