Қоғамдағы түрлі дау-дамайды ымырасыз шешуге ықпал етіп жүрген билер біліктілігін арттыруда. Жамбыл облысы соты мен қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен бүгін медиаторларға арналған семинар өтті. Қатысушылар бұл жолы ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау, алдын-алу мен медиация негіздері тақырыбында ой қозғап, пікір алмасты.