Бүгін қазақ тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, шындықтың шырақшысы болған Шерхан Мұртазаның туған күні. Осыған орай, Асақар Тоқпанов атындағы өнер ордасында «Шыңдағы шынар – Шерхан Мұртаза» атты драма үйірмелерінің фестивалі өтті.

Заңғар жазушының атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы ұйытқы болған бұл шараға облыс аумағынан мектеп жанынан құрылған шығармашыл 7 топ өнер көрсетті.