Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасында шамамен 50 млн доллар болатын келісім-шарт жасалады деп күтілуде. Бұл соманың көлемі ұлғаюы да мүмкін. Мұны еліміздің сауда және интеграция вице-министрі айтты. Бүгін Таразда екі ел арасындағы 1-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.

Форумға екі елдің құзырлы министрліктері мен ведомство өкілдері шақыртылған. Алқалы жиынның алғашқы күнінде тараптар бір-бірімен жақын танысып, ортақ мәселелерді талқылауды бастап кетті.