Дәстүрлі түрде өтетін тамыз кеңесі биыл да өз жалғасын тапты. Мақсаты, атқарылған жұмысты қорытындылау мен жаңа оқу жылына міндеттерді айқындау. Қалалық тамыз кеңесіне маслихат депутаттары, әкім орынбасарлары, қалалық ата-аналар комитеті, білім мекемелерінің басшылары мен ардагерлер қатысты.