Енді Қарахан мен Айша бибі кешендері туристерге тәулік бойы ашық болады. Өңірде туризмді дамыту үшін осындай қадамдар жасалып отыр.

Жамбыл облысы тарихи-мәдени нысандарға бай. Нақтырақ айтсақ, аймақта республикалық маңызға ие 30 нысан бар. Оған Юнесконың дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген кешендерді қосыңыз.