Қазіргі таңда еліміз бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Десе де, ірі құрылыстарды айтпағанда, жеке кәсіпкерлердің салып жатқан нысандарында заң бұзушылықтардың жиі орын алып жататыны жасырын емес. Сапасыз салынған ғимараттарды қарапайым тұрғындар да анықтап жатады.

Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы мамандары осындай шағымдар негізінде тексерулер жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтап отыр.