Наурыз мерекесі қарсаңында ісмер қыз-келіншектер өзара бақ сынасты. Бүгін "Анаға тағзым" орталығының ұйымдастыруымен "Үкілі кәмшат" облыстық тігіншілер байқауы өтті. Оған Тараз қаласы мен аудандардан 7 қолөнер шебері қатысты. Олар байқау шартына сәйкес, 3 түрлі бас киім тігуі тиіс болды.