Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы №7 орта мектебінде«Армысың, әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оған мектеп ұстаздары қатысып, бірлестік пәндер негізінде ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді көрсетті.