Су тасқыны Шу ауданында да орын алды. Оған себеп, күннің күрт жылынуы салдарынан, қар еріп, Көкқайнар ауылы тұрғындарын әурелеңге салды. Еріген қар суы екі көшедегі 10 үйдің ауласына жайылды. Қазір ауданда судан келер қауіп сейілді деген ақпарат тарады.