Бұл сайлау – бұрынғы сайлаулардан өзгерек. 2007 жылдан бергі сайлаулар пропорционалдық жүйеде партиялық тізіммен өтіп келген. Енді мажоритарлы жүйе арқылы жеке азаматтарға өзін өзі ұсынуға қайтадан жол ашылып отыр.

Ал, биыл тағы бір өзгешелік мәжіліске 107 депутат емес, 98 депутат қатысатын болады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттатарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтпек. Осыған орай облыстық сайлау комиссиясы қоғамдық бірлестіктермен БАҚ өкілдерінің басын қосып семинар-тренинг өтті.