Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғыны шағымданған. Олардың айтуынша, облыстық жер комитетінің қызметкері ретінде өзін таныстырған адам Тараз қаласының шағын аудандарының бірінен жер учаскесі мен пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген. Тұрғындарға қызметінің қажеттілігін білген ол, сенімдеріне кіріп 10 000 000 және 920 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп, кейін байланысқа шықпаған.