Өткен онжылдықтарда баламалы энергия көздері тек теория жүзінде ғана дәлелденіп келді. Ал қазіргі таңда жасыл энергияны пайдалану қолжетімді. Мәселен: Жуалы ауданында күн сәулесінен электр қуатын өндіретін үлкен станция бар. Ал Қордай, Талас аудандарында желден қуат жинайтын қондырғылар орнатылған.


Дейтұрғанымен бұл құрылғылардың тиімділгі аз дейді мамандар. Мұны ескерген Тараздық жас ғалымдар балама энергия көзін өндіретін құрылғылардың шығынын қалай азайтуды ойлап тапқан көрінеді.