Байзақ ауданына қарасты халқы көп елді мекеннің бірі - Бурыл ауылы. Мұнда жыл санап тұрғындар саны артып келеді. Алайда ауылдағы алқаптарды инфрақұрылым жүйесімен жасақтауда бірқатар проблемалар бар көрінеді. Жергілікті тұрғындар жолсыз отырмыз, ал электр, ауыз су жүйесінде олқылықтар жиі орын алады дейді.