Ақсай базарынан өрт шықты
Тараздағы Ақсай базарынан өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша өрт сауда нысанының екінші қабатынан басталып, 1050 шаршы метр жерді шарпыған. Дер кезінде жеткен өрт сөндіру қызметкерлері қызыл жалының бетін қайтарып, 4 адамды қауіптен аман алып қалған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.