Таразда алғаш рет смартфон арқылы бақылауға болатын жүректі қайта синхрондау терапиясы жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға мол мүмкіндік. Операция әлемдік деңгейдегі жаңа құрылғыны жүрекке орнату арқылы жүргізіледі.


Бүгінгі таңда елімізде жүрек ишшемиялық ауруымен ауыратын науқастар саны бірінші орында. Аталған дерттің алдын алу үшін «Аритмология клиникасының»мамандары Сербиялық дәрігерлермен бірігіп жүректің жеткіліксіздігін импланттау және дефибрилятордың жұмысын реттеу бойынша кеңес өткізді.