Күні кеше Жамбыл облысының бірқатар аудандарымен Тараз қаласына қалың қар жауды. Қаланы қардан тазалау жұмыстары қалай жүргізілуде? Төтенше жағдай департаментінің мамандары не дейді? Ауыр зардап шеккендер бар ма? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Қалың жауған қар. Құлаған талдар. Тазаланбаған көшелер мен істен шыққан бағдаршамдар. Бұл Тараз қаласының бүгінгі көрінісі.
Иә, таң атпастан қалың жауған қар қала тұрғындарын әбігерге салды. Тараз қаласының орталық көшелерінде бағдаршамдар істен шығып жол қозғалысы қиындады. Оның үстіне қардан тазаланбаған көшелер көп.
Ал, шағын аудандардағы жағдай тіптен қиын. Жаяу жүргіншілер жүретін жолға талдар құлап тұрғындардың жүріп тұруы қиындаған. Адам көп жүретін аялдамаларда электр сымдары аяқ астында жатыр.
Қала аумағындағы басқа көшелерді былай қойғанда, орталық Сүлейменов көшесіндегі жағдай мынадай. Уақыт түске жақындаса да тазалау жұмыстарына жауаптылар табылмай тұр.
Ал, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің айтуынша, қалың қардың салдарының ауыр жарқаттанғандар әзірге тіркелмеген. Тек көліктеріне ағаш құлаған тұрғындар бар.
Сонымен, қалың қарды тазалаумен айналысатын «Жасыл Ел Тараз» мекемесі кешелі бері жауған қарды тазалап үлгере алмай жатқандықтарын айтуда.
Ауа – райының кілт құбылатының төтенше жағдай мамандары ескерткен еді. Алайда, қала басшылығы бұл ескертуге немқұрайлы қараған сыңайлы. Қалың қардың бүгінгі салдары соны көрсеткендей.
Данияр Асқарұлы, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»