Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі қоймасындағы жарылғыш заттарды жинау және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бұл аумақ ешкімнің жеке меншігі емес және Жамбыл облысы әкімдігінің рұқсатымен бөлінген.