"Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады". Мұндай белгі облыс орталығы көшелерінің біріне орнатылған еді. Алайда ол белгіні бірнеше рет қойғанымен, әр жолы оны белгісіз біреу жұлып алып, жүк көліктері осы көшемен жүруді қайта жалғастырған. Мұндай әрекет жергілікті тұрғындардың мазасын кетірген. Соңғы рет қойылған бұл белгі наурыз айында жоғалып кеткен және әлі күнге дейін орнатылмаған.