Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірімен қатар, Тәжікстан елінен де жас палуандар келіпті.
Балалар жылына орай ұйымдастырылаған спорттық шараның өтуіне Бесағаш ауылының кәсіпкерлері, облыстық спорт басқармасы мен Жамбыл ауданының әкімдігі мұрындық болыпты.