Қыркүйек айының аяғында жамбылдық көрермендер елордалық театрдың өнерін тамашалай алады. Таразға Максим Горький атындағы Астана академиялық орыс драма театрының өнерпаздары келіп, әлемге танымал туындыларды сахналамақ. Бұл туралы бүгін Жамбыл облыстық драма театрында болған баспасөз мәслихатында мәлім болды.
«Мастер мен Маргарита», «Ромео Джульетта» және «Қар ханшайымы». Гастрольдік сапары барысында елімізде ең алғаш ашылған театрлардың бірі жамбылдық көрермендерге осындай спектакльдерін ұсынбақ.
Ерік Қасенов, Астана қаласының М.Горький атындағы академиялық театрының директоры
Тараз қаласы мен үшін ерекше қала. Осыдан 30 жыл бұрын осы киелі шаңырақта мен өз шығармашылғымды бастағам. 28-29 қыркүйек күндері біз жергілікті көрермендерге жоғары талғамды туындыларымызды алып келмекпіз
Ал 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Онда әулиеаталық әртістер елордалық театр сүйер қауымға өз өнерлерін көрсететін болады.
Ақылдос Тажиев, Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры Екі күнде 4 қойылым қоямыз деп жоспарлап отырмыз. Алғашқысы балаларға арналғн «Кошкин дом» пьессасы. Сағат 11 де көрсетеміз. Содан соң Ш.Айтматовтың шығармасын сахналамақ ниеттеміз
Астаналық актерлер қазір қызу дайындық үстінде. Ұйымдастырушылар көрермендерге әдемі өнер кешін сыйлауға барымызды саламыз дейді. Ендеше бұл мәдени шарадан қапы қалып қалмаңыз.
Шерхан Абделиев, Руслан Сандыбай «Жаңалықтар қызметі»