Таразда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы болып өтті. Оған облысымыздың көптеген мекемелерінің өкілдері қатысып, сайысқа түсті
Дәстүрлі спартакиада жыл сайын өтіп келеді. Биылғы сайысқа облыстың 10 ауданынан және Тараз қаласынан мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сондай ақ, түрлі басқармалар мен департаменттер де бар. Спорттың 10 түрі бойынша сайыстар өтті. Әрине, ең көп қатысушы тартылған шағын футбол бәсекесі болды. Сондай ақ, қатысушылар суға жүзу, гір тасын көтеру, ұзындыққа секіру, белтемірге тартылу бойынша кім мықтыны анықтасты. Ойды қозғайтын шахмат пен тоғызқұмалақ та ұмыт қалған жоқ. Иә, бұл спартакиадада спорттық көрсеткіштер аса жоғары емес. Дегенмен, ең басты мақсат жеңіс емес, салауатты өмірге бет бұру дегенді айтады қатысушылар.