Жамбыл облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» институты 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Ашылған сәттен бастап орталықта  1175 курс өтіп, онда 35 мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттырған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары институтта атқарылып жатқан басқа да жұмыстарға нақты тоқталды.

 

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыруды тек бір ғана сала бойынша жүргізу аздық етеді. Себебі, жаңа заман мұғалімінің табысты еңбек етуі үшін -  іскерлік пен экономика, құқық салалары бойынша білімін толықтыру қажет. Бұған қоса, заман талабына сай ең озық технологиялар мен ең жаңа өндірістерде жұмыс жасау қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта мұғалімдер өздігінен үздіксіз білім алу, кәсіби құзыреттілікті арттыру, ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуді дамыту бағытында үнемі біліктіліктерін арттырып отырады. Сонымен қатар биыл жаңартылған білім беру мамұны бойынша 14 мыңнана аса педагог үш тілді оқыту және өзін-өзі тану бағытында біліктілігін ұштастырған. Ұстаздар оқып білген жаңашылдықтары бойынша  үнемі конференцияларда, семинарларда бас қосып, тәжірибе алмасып отырады.

Баян МҰРТАЗАЕВА, КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ