ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Онда министр бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы мен Ш.Мұратбекұлы толығырақ айтып берем.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Алдымен, Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығына ат басын бұрған Бердібек Машбекұлына мекеменің жұмысы таныстырылып, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде орындалуы жайлы ақпар берілді.  Толығырақ тілшіміз Ш.Мұратбекұлының бейнематериалында.

Тараз қалалық «жұмыспен қамту» орталығына келген министр мекеменің жұмысын барлап, мемлекеттік бағдарламалардың қандай деңгейде  орындалып жатқандығын сұрады. Бұл тұрғысында Әулиеата өңірінде нәтиже жаман емес.  Биыл жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты; яғни кәсіптік оқыту және оқумен қамтамасыз ету бойынша 514 адам оқуға жолданған. Ал, екінші кезең бойынша 443 адам оқуға баратын болады.

Бауржан ТӨЛЕГЕНОВ – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ал, атаулы әлеуметтік көмекті  заңсыз алып келген отбасылардың қаржысы мемлекетке қаншалықты деңгейде қайтарылып жатқандығын сұраған министрге Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров былай жауап берді:

Біз қәзір «Барбершоп» ерлер шаштаразында тұрмыз. Кәсіпкер бұл орынды «Даму» қорының «Еңбек» бағдарламасы арқылы несие алып ашқан екен. Бүгінде  өз кәсібінің нәсібін көріп, 9 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін ұлғайту жоспарында бар.  

«Барбершоп» ерлер шаштаразына барған Бердібек Сапарбаев кәсіпкердің жұмысын жоғары бағалады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 млн теңгеге несие алып өз жұмысын бастаған Аида Батырбекованың  мақсаты айқын, жоспары көп. Кәсіптің көкжиеген кеңейтіп, табыс көлемін ұлғайту.

Аида БАТЫРБЕКОВА – КӘСІПКЕР

Еңбек бәрін де жеңбек. Ал, мемлекеттік бағдарламалар мүлтіксіз орындалуы керек. Өз кәсібіңді аш, халықты жұмыспен қамты. Бұған мемлекеттен қолдау барынша көрсетілетін болады.

Ш.Мұратбекұлы, Р.Сандыбаев «ЖҚ»