18 млн халқы бар Қазақстанда 36 милиионнан аса ұялы телефон абоненті тіркелген. Бұл  сымсыз байланыстың әрбіріміздің өмірімізе ажырамас бөлшекке айналғанын көрсетсе керек. Алайда, ғалымдар смартфонның пайдасымен қоса зияны да бар екенін айтып дабыл қағуда.

Смартфонның адамды тәуелді еткені соншалықты, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін телефонсыз жүре алмайды деп  айтуға болады. Кез- келген шаруаңды әп- сәтте тындырып тұратын телефонның адамға берер пайдасы ғана емес,  денсаулығына келтіретін зияны жайында әріптесім Қасымжан Байкүшіков айтып береді..

Ұялы байланыс сонау, 1946 жылы АҚШта пайда болыпты. Жыл санап ауқымы кеңейіп, жүйесі дамиды.  Ал, Қазақстанға 1998 жылы келген. 

Бала кезде ертегідегіден оқушы едік, айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған- деп. Сірә да осы  телефонды болжап айтса керек. Смартфонның қай түрінің болмасын қуаттық күші, адам баласын Ай бетіне қондыруға қатысты есептеулері мен басқаруына қажетті мүмкіндігі бар  компьютердің қуатынан асып түседі екен.

Бүкіл әлем алақаныңда. Смартфонмен көзді ашамыз, күні бойы  қалтада, бауырға басамыз, ұйықтарда жастанып жатамыз. Бейнелей айтсақ осылай болып барады.   

Әйгерім Нәбиева  Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі

Бірнеше минутта қаншама адамды байланыстырып, әлемді жалғаған сымсыз телефонмен сөйлесу барысында бөлінетін электромагниттік толқындарды расында да елемейміз.. Ауыл мен қалада. қарт пен балада телефонсыз күнін өткізбейді.

Болашақты болжап зерттеу жүргізетін ғалымдар, қазіргі индустриалды қоғамда, ақпараттық қоғам пайда болады деп тұжырым жасаған. Бұл дегеніміз ақпаратты лезде алу –беру. Мұның нақты дәлелі қолда жүрген смартфондар.

Бақыт Әлмұратов    әлеуметтанушы

 Америка ғалымдары күніне 3 сағаттын артық телефон қарайтын адам оған тәуелді, яғни психологиялық ауытқуға ұшыраған деген тұжырым жасапты. Бірақ, ұялы телефон, әсіресе, смартфон баланы да, ағаны да,  ананы да, атаны да, әкімді де, қараны да жіпсіз байлап, дымсыз жаулап келеді.  Қ.Байкүшіков   Ғ.Айдарқұлов А.Әділ  «жаңалықтар қызметі»