Тараздық 49 оқушы 2016-2017 жылғы оқу жылын үздік тәмамдап, «Алтын белгі» иегері атанды. Тағы 27 түлек «Үздік аттестат» алды. Ал Жамбыл ауданы бойынша 13 түлек «Алтын белгіге» ие болды. Оқу озаттарын бүгін қала және аудан басшылығы құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.
Ағымдағы оқу жылында Тараздағы 53 орта және 1 кешкі мектепті 1445 қазақ, 807 орыс және өзбек тілінде 26, барлығы 2278 оқушы бітіріп шықты. Биылғы жылы енгізілген жаңа оқу стандарттарына сай, бітірушілердің барлығы білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырып, қорытынды аттестаттаудан өткен болатын. Мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған оқу үздіктерін қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай құттықтап, «Алтын белгілерін» табыстады. Сондай-ақ, барлық түлектерге арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Кенжебек Олжабай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары
/осындай озат түлектердің саны жылдан жылға артып, білімді жастардың көбейгені біздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Білімді, білікті азаматтары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Болашақта Қазақстанның озық отыз елдің қатарына кіруіне бүгінгі білімді ұрпақ – сіздер үлкен үлес қосады деген сенімдеміз./
Асқақ арман арқалаған жас түлектердің алдында тағы бір үлкен сын тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өту. 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының үкілеген үмітін ақтау – парызымыз, дейді олар.
Жұматай Райымбек , «Алтын белгі» иегері
/жақын арада болған мектеп сынақтарынан өттім. Үлкен өмірге аяқ басуға дайын тұрған өзімнің қатарлас құрбыларыма ақ жол тілеймін/.
Мерей Ділтан, «Алтын белгі» иегері
/осы 11 жыл бойы бізге тәлім-тәрбие берген ұстаздарыма мың алғыс. Солардың арқасында мен осындай асу-белестерден өттім.бұл тек бастамасы ғана. Алда одан да үлкен белестерден көрінемін деп ойлаймын. Жас түлектерге сәт сапар тілеймін/.
Жас түлектерге арналған «Биікке самғау» атты салтанатты кеште сондай-ақ, «Үздік аттестат», халықаралық, республикалық ғылыми жоба мен пән олимпиадасы жарысы жүлдегерлеріне де арнайы сыйлықтар берілді.
Мүбәрак Жинақбаева, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы
/жыл басынан үміткер болып, тіркелген балалардың барлығы үмітті ақтады. Балаларға алдағы болатын ҰБТ –дан жақсы нәтиже көрсетіп, Тараздың абыройын асқақтатсын демекпін/.
Кеш соңында бітіруші түлектер алдағы өмірде де білім берген қасиетті ұя мен ұлағатты ұстаздың еңбегін ұмытпай, алған тәлімін ел игілігіне жарататынын айтып ант берді. Жас түлектердің құрметіне мерекелік отшашу мен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Геотитр: Жамбыл
Дәл осындай салтанатты жиын Жамбыл ауданында болды. Аудан бойынша барлығы 27 орта мектеп болса, ондағы оқушылар саны 14 мың 763. Оның 574 биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басуда.Олардың 569 қорытынды аттестаттауға қатысып, жалпы орта білім туралы аттестаттарын алды. Емтихандардың қорытындысы бойынша 13 оқушы «Алтын белгіге», 2 оқушы үздік атестат иеленді. Оқу озаттарын аудан әкімі арнайы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Ләйлә Әбдібекова, «Алтын белгі» иегері
/ «Алтын белгі» біз үшін онайға түскен жоқ. Мектепте емтиханнан сүрінбей өттік. Барлық сабағымыз 5 болып. Енді алда ҰБТ тұр.Алтын белгіні ақтағым келеді.\
Енді мектеп бітірушілердің алдында үлкен сынақ тұр. Ол-Ұлттық бірінғай тестті. Түлектердің тілегі бір осы емтиханды абыроймен өткізіп, армандаған жоғарғы оқу орнына түсу. Бізде жас түлектерге сәт, сапар дейміз.