Мемлекет басшысы: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын, жоғары, білімді ел ретінде танылуы қажет», – деді. Осыған орай елімізде 100 нақты қадам ұлт жоспары бойынша «Үш тұғырлы тіл саясаты» қабылданды. Бағдарлама аясында орта және арнаулы білім беру мекемелері қазір үш тілде оқытудың алғашқы жұмыстарын бастап кетті. Ал, тілді оқыту орталықтары өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде, сондай-ақ әр түрлі сала мамандары мен мемлекеттік қызметкерлерге орыс және ағылшын тілінде тегін білім алуға барлық жағдай жасауда.
Мемлекеттік тіл 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада қатынас тіліне айналуы қажет. Осыған орай бүгінде республиканың барлық аймақтарында тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді. Орталықта өз еркімен мемлекеттік тілді меңгеремін деушілерге тегін курстар өткізіледі. Анна Нейфельд осы орталықтың бастауыш сыныбының тыңдаушысы. Жас қыз әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі қажет деп санайды. Сондықтан ол достарының айтуымен осы жерге келді.
Анна Нейфельд
Облыстық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» тыңдаушысы
Бұл орталыққа келгенімде, қазақ тілін мүлдем білмейтінмін. Қазір мен қазақша сөйлей аламын әрі жазада аламын.
Орталық ұжымы қазіргі таңда темір жол, әскери сала қызметкерлері мен орта мектептердің ұстаздарына және облыстық басқарма мамандарына мемлекеттік тілмен қатар ағылшын және орыс тілдерін оқытуда. Бір қуантарлығы, сабақтар орталықта емес, сұраныс бойынша жұмыс орындарында, белгіленген тиімді уақытта өткізіледі. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, білімін шыңдап жүрген Нұртас Дүйсембаев әріптестерімен бірге ағылшын тілін үйренуде.
Нұртас Дүйсембаев
Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы
30 дамыған мемлекеттің қатарында болу үшін, сыртқы елдерге танымал болуы үшін әрі елімізді ары-қарай өркендету үшін ең әуелі жастар мемлекеттік тілді меңгеру қажет деп санаймын.
М.Көпбосынова
2011 жылы облыс халқының 89 пайызы мемлекеттік тілді меңгер се, қазір бұл көрсеткіш 95,9 пайызға жетіп отыр. Бүгінде бірқатар аудандарда осындай оқыту орталықтары жұмыс істейді. Биыл Мойынқұм мен Тұрар Рысқұлов аудандарында орталықтың филиалын ашу жоспарлануда. Ал, үш тұғырлы тіл саясатына келсек, қазір өңір халқының 8 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Биыл бұл көрсеткіткішті 12 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Жамбыл Ізтұяқ
Облыстық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» директорының орынбасары
Мемлекеттік тілдің мәртебесінің өскендігін, біз шет ел азаматтарының осы орталыққа оқуға келгенінен көреміз. Мәселен, өткен жылы Корей халқының екі азаматы, Филиппин мемлекетінің азаматтары. Сонымен қатар Ресей федерациясынан тыңдаушылар келіп, осы жерде қазақ тілін үйренді.
Биылғы жылы мемлекеттік тілде 114 топ, ағылшын тілінде 88 ал, орыс тілінде 36 топ құрылды. Орталық мамандары осы топтарда тіл курсын оқуға ниетті азматтарды қабылдауда. Осылайша, өңірде 100 нақты қадам ұлт жоспары бойынша «Үш тұғырлы тіл саясаты» өз деңгейінде атқарылуда.