Орайын тапса дархан даланың шыққан күн, соққан жел, аққан суы да – игілік. Қазақ елінде осынау табиғаттың мол ресурстарын игеруге оң қадамдар жасалып, жасыл экономикаға бетбұрыс – мемлекеттен қолдау тауып отыр.
Жамбыл облысында жел мен күннен және судан энергия өндіретін 168 мегаваттық 10 станса бар. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл өңірі, қазірдің өзінде өзге облыстардан оқ бойы озық тұр. Енді 2020-шы жылға қарай, осы баламалы қуат көзін өндіру көлемі тағы да ұлғайтылатын болды.
Қордай асуындағы мына жел электр станциялары үш бірдей компанияға тиесілі. Осы күнге дейін екі жоба толықтай жүзеге асып, тұрақты жұмыс істесе, қуаты 54 мегаваттық үшінші станция кезең-кезеңімен салынып жатыр. Оның қуаты алдыңғыларынан екі жарым есе көп.
Марат ТОҚБАЕВ, «VISTA INTERNATIONAL» компаниясының ӨНДІРІС ДИРЕКТОРЫ
Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Мәселен осы жыл басынан бері сағатына 130 млн нан астам электр энергиясын өндірдік. Біз бұл электр қуатын бүтін бір ауылға, ауданға немесе қалаға емес, мемлекетке өткіземіз. Ал жалпы алғанда, өз өнімімізбен Қордай ауданының аумағын толықтай қамти аламыз/
Шу ауданындағы мына Тасөткел су электр станциясы жылына 48 миллион кВатт электр қуатын өндіреді. Бұл энергия екі бірдей ауданды жарықпен қамтуға толық жетеді. Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 350 миллион теңге. Шу өзенінде қыста да су мол болғандықтан, станса жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейді. Оның үстіне әр киловат энергияның құны 11 теңгеден аспайды.
Әлішер ЖҰМАБАЕВ «ТАСӨТКЕЛ» СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ біздің негізгі қуаттылығымыз 9,2 кв, бірақ қаз су деңгейі төмен болғандықтан су аз болады. Нақтылы кезеңде сағатына 3,5 мв өнім алудамыз/
Ал Жуалы ауданында тағы бір су электр станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша жоба келер жылдың маусым айында іске қосылады деп күтіліп отыр. Қыстың қытымыр аязына қарамастан, 60 астан адам білек сыбана жұмыс істеп жатыр.
Қанат АБДРАХМАНОВ – Құрылыс прорабы
Алдағы бір-екі жыл ішінде аймақта мұндай нысандар саны тағы артып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің 60 пайызын баламалы қуат көздерінен алатын болады. Айта кету керек, бұл жағынан алғанда Жамбыл облысы республика көлемінде көш бастап тұр.
ҚЫМБАТ ҚАРЖАУҚЫЗЫ, РУСЛАН САНДЫБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»