Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Елордада өткен республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы мұғалімнің құқығын қорғау мәселесіне жеке тоқталды. Оны жіті қадағалау прокуратураға жүктеліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту саласына қатысты бес басымдықты атады. Әуелі білім сапасын жақсарта түсу қажет. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздар ұдайы ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы керек деді Президент.