Санаулы күннен соң жаңа оқу жылы басталады. Сондықтан қазір облыста бірқатар жаңа мектептер соғылып, кейбір білім ошақтары күрделі жөндеуден өтуде. Мәселен, Жамбыл ауданында екі су жаңа білім ордасы қыркүйек айында елдің игілігіне берілмек.