Биыл 500-ге тарта тараздық мемлекеттік грант алады деп жоспарланған. Олардың 107-сі бірінші лекте көмекқаржыға қол жеткізді. Нақтылы кезеңде мемлекеттік гранттан үміткерлер екінші лек бойынша бизнес-жобаларын қорғап жатыр. Бірнеше жылдан бері халықтың осал топтарына беріліп келе жатқан гранттар жұмыссыз жандардың өз кәсібін ашуына айтарлықтай демеу болуда.