Еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға тегін үлес қосып жүрген азаматтар да бар. Мысалы сіз несие алып комиссия төлеген болсаңыз, оны қайтаруға «Линия защита» бірлестігінің заңгерлері көмекке келеді.
Заң бәрімізге ортақ. Бірақ заңды білмесек алдымыз бұлыңғыр, болашағымыз күмәнді. Қаржы қажет деп несие алдық, қарызға белшеден баттық. Бірақ екі есе шығындалып жатқанымыз қаперімізге де кірмейді.
Сандуғаш НҰРСҮЛЕЙМЕНОВА /ЗАҢГЕР/ Бұл «линия защита» жобасының заңгерлерінің сіздерге берер көмегі, екінші деңгейлі банктерден артық алынған комиссиялар жөнінде, яғни сіз 1 шілде 2016 жылға дейін сізде екінші деңгейлі банктерден алынған несиелеріңіз болса, онда оларда міндетті түрде артық комиссия алынған.
Адам капиталын қалыптастыруда басты мақсаттардың бірі қаржылай сауатты болу. «Линия защита» заңгерлері осы бағытты бірінші орынға қойған. Қазіргі күні аталған ұйым Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өз жұмыстарын жүргізіп отыр.
Айнұр НәЖіМедИНОВА / ЗАҢГЕР/ Тараз қаласының тұрғындары біздің заңгерлерге жүгіну арқылы үлкен көмек ала алады.Аталған комиссия жөнінде сотқа шағымдану арқылы кеткен шығынды қайтара аламыз. Бүгінгі күнге дейін бүткіл Қазақстан бойынша тәжірибеміз жетерлік, яғни осы уақытқа дейін біз халыққа 100 млн теңгеге дейін көлемде ақшасын қайтаруға көмектестік.
Таразда тегін Заңгер көмегіне жүгінгілеріңіз келсе Абай көшесі 98 үйге барсаңыз болады.