Бүгін Орталық «Достык» алаңында Тараз қаласы күніне орай бірнеше іс – шара болып өтті. Онда жастар жоғары белсенділік танытты.
6 қазан көне тараз қаласының күні. Осы мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін шаһардың жүздеген жастары орталық алаңға шығып эстрада жұлдыздарының әндеріне биледі. Аталмыш іс-шараны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Флеш-мобқа қатысушыларды, Тараз қаласы әкімінің орынбасары арнайы келіп құттықтады. Тараздың жалынды жастары туған қалаларына деген махаббаттарын «I love Taraz» символикалық жазуымен білдірді. Осы арқылы қала күнін тойлаудың тағы бір үлгісін көрсетті.
«Жастар нашақорлыққа қарсы, салауатты өмір салтын берік ұстайды!» Осындай ұранмен қала күніне орай жастар арасында роликті конькимен сырғанаудан облыстық фестиваль өтті. Жарысқа 14- 18 жас аралығындағы оқушылар қатысып, жеңімпаздарды облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қала әкімдігінің арнайы сыйлықтары табыс етілді. Жарысты өткізудегі мақсат- жастар арасында роликпен сырғанауды жандандыру , дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуды насихаттау.
Сондай – ақ мереке қарсаңында орталық «Достық» алаңында облыс тұрғындары арасында күзгі кросс жарысы болып өтті. Бұқаралық спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Жеңіл атлетика жарысына қатысушылар бірнеше топқа бөлінді. Олар 15-17 пен жас аралығындағы ұлдар мен қыздар, 18 жастан 29 жасқа дейін, сондай-ақ 30 жастан жоғары ерлер мен әйелдер. Ұйымдастырушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды да ұмыт қалдырмаған. Қатысушылар орталық алаңнан Тұңғыш Президент саябағына дейін жүгіріп өтті. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, Құмшағал елді мекенінде мерекелік іс – шара жалғасын тапты. Қалалық мәдениет бөлімі мұрындық болған шарада Облыс өнерпаздары ауыл тұрғындарына әннен шашу шашты. Сондай – ақ, осы күні азық түлік те ауыл тұрғындарына базардағы бағасынан әлдеқайда арзанырақ бағаға сатылды. Өз кезегінде көңілдері бір көтеріліп, арзан азық түлікке қоржыны толған көпшілік көңілді тарқасты. Айта кетейік, қаладан шалғай жатқан елді – мекендерде өткен мерекелік кеш ертең Орталық достық алаңында өтетін концертпен қортындыланатын болалды. Барша шаһар тұрғындары мен қонақтарын қала күнін мерекелеуге шақырамыз!
Шерхан Мұратбек, Нұртаза Шоқатаев, Шырайлым Болатқызы, Айгерім Бәшімова, «Жаңалықтар қызметі»