Негізгі Жаңалықтар Заң мен тәртіп: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Заң мен тәртіп: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Тараз қаласында ювеналды полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Түнгі рейдтерден бастап, студенттермен ашық кездесулерге дейінгі шаралар – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.


Бөлісу