Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания көлеңкелі экономиканың мызғымас бөлшегі. Бүгінде құзырлы органдар аталған проблемамен жаппай күресіп келеді.

Өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойындарға тәуелділікті жас ұрпақтың басты мәселелерінің бірі деп атады. Әлбетте, мұндай күрмеулі мәселемен күресті қоғам болып қолдауымыз қажет.