«Үлгілі әке – ұлт тірегі». Аталған тақырыпта Тараздағы №3 мектеп-лицейі бастауыш сынып оқушыларының әкелері арасында байқау ұйымдастырды. Отбасылық құндылықты ұлықтаған бұл сайысқа 9 әке қатысып, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.