Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері болуы керек. Әрі ол ротация тәртібімен ұсынылуы керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында осындай ұсыныс айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, осындай нақты қадамдар арқылы ұйымның ықпалы мен беделін арттыру керек.