Қазақстанда Салық кодексі жаңарды. 18 шілдеде қол қойылған құжат соңғы жылдардағы ең ірі реформалардың бірі саналады. Жаңа жүйе салық төлеуді жеңілдетіп қана қоймай, цифрландыру мен ашықтыққа жол ашады. Прогрессивті салық салу, көлік пен жер салығындағы жаңа ережелер, қысқартылған есептілік – мұның бәрі азаматтар үшін де, бизнес үшін де жаңа мүмкіндіктер әкелмек.