Бүгін облыстық мәслихат депутаттарының орны босаған мандаттарына қатысты сайлау өткізу мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Басқосуға облыс көлеміндегі бірнеше аудан өкілдері қатысып, алдағы саяси науқанның тәртібі мен ұйымдастыру мәселелері талқыланды.