Тазалық жұмыстарына коммуналдық мекеме қызметкерлерін тарту қажет. Аймақта тазалық жұмыстарына жұмылдырылатын жұмысшы күші тапшы. Оған себеп айлық-жалақы аз.

Онымен қоса, Тараз қаласы мен аудандарда қоқыс пен қоқыс үйінділері кездеседі. Саябақтар мен демалыс орындары қараусыз қалған. Бұл жөнінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының өту барысы туралы өткен кеңесте айтылды.