Тараз төрінде сән сүйер қауымның назарын өзіне аударған айтулы шара – «Aspara fashion week» өтуде. 2017 жылы белгілі отандық дизайнер Айдархан Қалиевтің бастамасымен дүниеге келген бұл халықаралық жоба бүгінде сән әлемінің биік шыңына айналды. Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған сән апталығы жылдар өте келе дәстүрге айналып, енді әлемдік деңгейде кеңінен танылып отыр.