Тараз қаласында «Құқықтық дәріхана» атты ерекше акция өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті ұйымдастырды. Акция «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асты. Негізгі мақсат – халықтың құқықтық сауатын көтеріп, заң алдында сенімді болуына ықпал ету.