Көз майын тауысып, тігін тігу оңай шаруа емес. Бұл маңдай тер мен есепсіз еңбекті талап ететін мамандық. Осындай еңбек адамдарының қатарында Альбина Маратқызы да бар.

Тігіншіліктің қыр-сырын меңгеріп, шаруасын дөңгелетіп отырған жанның қолынан шыққан әрбір киім бүгінде ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.