Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Парламентаралық форумы өтіп жатыр. Форумға Қазақстаннан Сенат төрағасы бастаған палата өкілдерінен құрылған делегация қатысып жатыр. Мәулен Әшімбаев ІІІ форумды өткізу парламентаралық байланыстың нығаюын, сондай-ақ тарихқа тағзым етуді, бауырластық қарым-қатынасты және болашаққа ортақ ниетті білдіретінін атап өтті. Сапар барысында Сенат төрағасы Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен екіжақты кездесу өткізіп, байланысты әрі қарай дамыту және Мемлекет басшыларының бастамаларын заңнамалық деңгейде қолдау мәселелерін талқылады. Қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына да қатысып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарады.