Қазақстан Республикасының Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі екенін білесіз бе?! Ол 1995 жылы 30 тамызда қабылданып, 5 қыркүйекте күшіне енген. Сол уақыттан бері оған заманның талабы, қоғамның қалауына орай, 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соңғысы 2022 жылдың 5 маусымында бүкілхалықтық референдум арқылы өткен болатын. Саяси науқанға 3 миллионнан аса азамат қатысып, дауыс берді. Ең алдымен адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығын басты қазына санайтын елдің бас құжаты бүгінде халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.