Ел Президентінің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасынан туындайтын маңызды міндеттерді жүзеге асыруда жамбылдық аналар белсенді. Жуырда әулиеаталық ақ жаулықтылардың бастамасымен жаңа жоба жастарға жол тартады. «Балам, заңнан аттама» аталатын бұл жоба өскелең ұрпақтың бойына жастайынан құқықтық мәдениетті дарытуды, заңды құрметтеуге баулуды көздейді. Қыркүйек айында қолданысқа енетін жаңа жоба «Анаға тағзым» орталығында өткен дөңгелек үстел отырысында пысықталды.