Таразда М-1 жылу магистралін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ескі құбырды ауыстыру қыркүйек айына дейін жалғасады. Бүгін құрылыс жүріп жатқан нысанға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.