28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Таразда ерекше форматтағы футбол өтті. «Тараз» футбол клубының ойыншылары мен облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінен құралған «TARAZ PRESS» командасы жасыл алаңда жолдастық матч өткізді. Екі тарап та тек футбол емес, достық пен көтеріңкі көңіл-күй үшін күш сынасты.